Түркістанда 3069 түлек мектеп бітірді

 

Бүгін еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған оқушы білім ордасымен қоштасты. Түркістан қаласында да бұл күн салтанатты түрде атап өтілді.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Төле би атындағы №19 мектепте өткен шараға арнайы қатысып, түлектерге ақ жол тіледі. Ол өз сөзінде оқушыларды алда үлкен өмір жолы күтіп тұрғанын еске салып, білім мен еңбектің маңызын атап өтті.

– Арманға апарар жол – білім мен еңбектен басталады. Қайда жүрсеңдер де туған жер – қасиетті Түркістанның абыройын арттыра беріңдер. Жарқын болашақ, сәттілік тілеймін! – деді қала басшысы.

2023-2024 оқу жылында Түркістан қаласында 55 252 оқушы білім алса, соның ішінде 3069 оқушы мектепті аяқтады. 244 түлек – «Үздік аттестатқа», ал 183 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. 44 мектептен 2799 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Альфия Адамбек

Байырқұм ауылының әкімі болып Жолбарыс Мейрбеков сайланды

berdaly_oraz

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде жаңа қойылымның тұсауы кесілді