Сарыағашта Азия чемпионатының жүлдегерлері марапатталды

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Азия чемпионатында топ жарған жас спортшыларды арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Кездесу барысында аудан басшысы спортшылар мен бапкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

– Мұндай жеңістер тынымсыз еңбектің жемісі. Азия чемпионатында ел намысын қорғап, аудан мерейін үстем еткендеріңіз – мақтаныш. Алдағы жарыстарда да биіктерден көріне беріңіздер, – деді әкім өз құттықтауында.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1-5 мамыр аралығында Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Сарыағаш ауданының спортшылары – Шұғыла Жарас (46 келі) мен Рүстем Сапархан (48 келі) қола жүлдегер атанды.

Жас былғары қолғап шеберлерін жарысқа дайындаған №1 Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің бапкерлері – Болат Беласаров пен Нұрлан Сапаркулов. Олар өңірде бокс спортының дамуы жөнінде баяндап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге күш салып жатқанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта 19 жастағы мүгедек жігітті айуандықпен өлтірген күдікті қамауға алынды

berdaly_oraz

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «К СПРАВЕДЛИВОМУ ОБЩЕСТВУ – ИСКРЕННЕЕ СЛОВО»

Redaktor Arysinfo

Өнеркәсіпке серпін: «Әділет» партиясы экономиканы күшейтудің жаңа жолдарын ұсынды

Redaktor Arysinfo