Түркістанда 500-ден астам жас домбырашы бір мезетте күй тартты

Түркістан облысында Наурызнама онкүндігі аясында «Күй күмбірі» атты ауқымды шара өтті.

«Жібек жолы» саябағында 300-ге жуық жас домбырашы бір мезетте күй орындаса, тағы 200-ден астам оқушы аудандарда челленджді қолдады. Осылайша өңір бойынша 500-ден астам бала бір уақытта күй тартып, ұлттық өнердің үнін асқақтатты.

Жас өнерпаздар Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық өнерге қызығушылығын арттырып, дәстүрлі мәдениетті кеңінен насихаттау.

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМДЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда жол жамылғыларын аэрация әдісімен суару жұмыстары жүргізілуде

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Redaktor Arysinfo