Дереккөз: фото: Түркістан обл әкімдігі
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында «Жеті қазынаның бірі – ит» тақырыбында асыл тұқымды иттердің көрмесі өтті. Іс-шара барысында түркі халықтарына тән және Қазақстан аумағында кең таралған ит тұқымдары таныстырылды.
Көрмені Аида Балаева арнайы аралап көрді.
Шарада әзірбайжандық гурдбасар, анадолылық ақбаш, қырғыздың тайған тазысы секілді сирек кездесетін ит тұқымдарымен қатар, түркімен алабайы, өзбек бөрібасары, Орта Азия төбеті және қазақы тазы көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмеде таныстырылған ит тұқымдарының ерекшеліктері мен тарихи маңызы туралы мәліметтер берілді. Бұл тұқымдардың әрқайсысы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Олардың бір бөлігі мал мен қонысты қорғауға бейімделсе, енді бірі аңшылыққа немесе табиғаттың қатал жағдайларына икемделген.
Іс-шара түркі халықтарының мәдени мұрасын насихаттауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
