ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЭКО-ТРАК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан қаласындағы №32 «Келешек» мектебінің аумағында «Эко-Трак» жобасының таныстырылымы өтті. Жоба Катко компаниясының бастамасымен «Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, Созақ ауданындағы бес мектепті қамтиды.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «Жасыл мектеп» жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов және мектеп оқушылары қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Ертай Алтаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінде экологияны қорғау мен қалдықтарды тиімді пайдалану аса маңызды бағыттардың біріне айналды. Бұл жоба қоқысты бөлек жинау мәдениетін қалыптастырып, қалдықтарды сұрыптау жүйесін насихаттауға бағытталған. Бағдарлама Қазақстанның бірнеше өңірінде жүзеге асырылып, қолдау тауып отыр. Енді жоба Созақ ауданында да іске асырылады. Оқушылар қайта өңдеу үдерісімен танысып, экологиялық мәдениетті тәжірибе арқылы меңгере алады, – деді ол.

Іс-шара аясында №32 «Келешек» мектебі оқушыларының қолөнер және бейнелеу өнері бағытындағы шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар дайындаған түрлі бұйымдар мен суреттер көпшілік назарына ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандағы “Woosong” университетіне 400-ден астам түлек құжат тапсырды

Сауранда «Жібек жолының жауһары» атты аймақтық ақындар айтысы өтті

Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

Redaktor Arysinfo