Көліктен басын шығарғандар қанша айыппұл арқалайды?

Көліктен басын шығарғандар қанша айыппұл арқалайтыны белгілі болды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев жүріп келе жатқан көліктен басын шығарғаны үшін қазақстандықтарға 39 мың теңгеден аса айыппұл салынатынын айтты.

13 наурыздан бастап Әкімшілік кодекстегі өзгерістер күшіне енді. Олардың қатарында жолаушы тасымалына қатысты айыппұлдар да бар. 

«Енді жүріп келе жатқан көліктің терезесінен басын шығарғаны үшін 10 АЕК (39,3 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оның үстіне жолаушы да, жүргізуші де бірдей деңгейде жауапқа тартылады», – деді Сұлтанбаев. 

Ұқсас жаңалықтар

Шардарада шомылу маусымы салтанатты түрде ашылды

АРЫС: МҰРАЖАЙДАН САПЕРЛЫҚ БАТАЛЬОНҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында 1000 адамды жұмыспен қамтитын зауыттың құрылысы басталды

berdaly_oraz