ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ.

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланған арнайы штаб отырысы өтті.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді. Кездесу барысында жауапты сала өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Облыс әкімінің орынбасары балалардың құқықтарын қорғау — мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен дұрыс тәрбиесі — басты міндет. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың себептерін анықтап, алдын алу шараларын күшейту, отбасылық құндылықтарды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Бұл бағытта ауыл ақсақалдары, зиялы қауым және дін өкілдерін тарту маңызды екені айтылды.

Жиында «тәуекел тобына» жататын балалармен жұмысты жетілдіру, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің өзара байланысын арттыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында мыңнан астам мектепте 500 мыңнан астам оқушы білім алуда. Олардың психологиялық жағдайымен 1300-ден астам педагог-психолог жұмыс істейді. Өңірде психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру және мектептерде буллингтің алдын алу үшін заманауи цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Альфия Адамбек

«Күдікті ұсталды» Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовқа шұғыл ота жасалып жатыр

berdaly_oraz