Түркістанда инвестициялық штаб отырысында өзекті мәселелер ашық айтылды

Түркістан облысында өткен Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісінде аймақтағы маңызды жобалар мен олардың жүзеге асу барысы жан-жақты талқыланды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Біз үшін әрбір инвестициялық жоба маңызды. Осы мәжілісте өзекті мәселелерді ашық айтып, шешу жолдарын нақты ұсыну қажет. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі. Жобаларды сапалы әрі мерзімінде аяқтау — басты талап, – деді өңір басшысы.

Мәжіліс барысында бірқатар ірі жобалар таныстырылды:

  • Сайрам ауданында ет комбинаты мен бордақылау алаңы салынып жатыр;
  • Түркістан қаласында қаптама материалдары, сэндвич-панельдер, шам түрлері, поролон, қасбеттік материалдар және полиэтилен қаптамалар шығаратын зауыттар бой көтеруде;
  • Арыс қаласында минералды су және алкогольсіз сусындар өндіретін цехты кеңейту көзделген;
  • Төлеби ауданында кіші гидроэлектр станциялары жобасы қарастырылуда;
  • Шардарада жүгері өңдейтін зауыт, Мақтааралда мақта тұқымын өндіру және тамшылатып суару жүйелерін, полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт салу жобалары талқыланды.

Облыс әкімдігі инвестициялық ахуалды жақсарту, өндірістік әлеуетті арттыру және жұмыс орындарын көбейту мақсатында бұл жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста TEDx форматындағы рухани көшбасшылық кездесуі өтті

berdaly_oraz

Түркістанда нашақорлыққа қарсы айлық акция басталды

berdaly_oraz

АУЫС-ТҮЙІС: Арыс қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін жаңа басшы басқарады

Пікір жазу