ТҮРКІСТАНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ АЛЛЕЯ АШЫЛДЫ

Түркістанда Құтқарушылар күніне орай «Құтқарушылар аллеясы» салтанатты түрде ашылды. Бұл – адам өмірін сақтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тәулік бойы қызмет ететін мамандарға көрсетілген құрметтің белгісі.

Салтанатты рәсімге Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бағдат Чайзада, департамент ардагерлер ұйымының төрағасы Сұлтанғали Смайлов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты қызметі мен ерлікке толы еңбегі атап өтілді. Сонымен қатар өз міндетін мінсіз атқарып жүрген бірқатар қызметкер мен сала ардагеріне марапаттар табысталды.

Қазіргі таңда Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында 150 қызметкер еңбек етеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жұмыстарына 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Жаңа аллея – ерлік пен жауапкершіліктің, адам өміріне деген жанашырлықтың символы. Ол тұрғындарға құтқарушылар еңбегінің маңызын танытып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген мамандарға деген құрметті арттыруға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

«Нашақорлық – ғасыр дерті»: Түркістанда жастармен маңызды кездесу өтті

Redaktor Arysinfo

СУБСИДИЯДАН ҚҰРЫЛЫСҚА ДЕЙІН: ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛМАҚ

Redaktor Arysinfo

Әлеуметтік желідегі боқтық сөз үшін 86 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Redaktor Arysinfo