ТҮРКІСТАНДА ТӨРТ ЕЛДІҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ БАҚ СЫНАҒАН «ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласында XXVIII халықаралық «Қазақ романсиадасы» жас орындаушылар байқауы қорытындыланды. Биыл 28-рет ұйымдастырылған дәстүрлі өнер додасына төрт елден 60 үміткер қатысып, өзара бақ сынады.

Екі күнге созылған халықаралық байқаудың басты мақсаты – классикалық музыка өнерін насихаттау, жас таланттарды қолдау және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен шараны «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті мен облыстық «Славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген жас орындаушылар қатысып, екі кезең бойынша өнер көрсетті. Қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде романс орындап, вокалдық шеберліктерін таныстырды.

Өнерпаздардың өнерін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның көрнекті өнер қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың Бас жүлдесі алматылық Аружан Тоқтағанға бұйырды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Шара аясында «Фараб» кітапханасының концерттік залында гала-концерт ұйымдастырылып, үздік орындаушылар көрермендерге өнерлерін ұсынды.

Айта кетейік, байқаудың Бас жүлде иегері желтоқсан айында Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ: В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ ПРОГОЛОСОВАЛИ ГРАЖДАНЕ В КОСТЮМАХ МЕДВЕДЯ И ТРАНСФОРМЕРА

Redaktor Arysinfo

1 шілдеден бастап несие беру талаптары қатаңдайды

Redaktor Arysinfo

«Яндекс таксиді» кірпішпен ұрып, бүлдірген әйел қамалды