ТҮРКІСТАНДА ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандарттарға сай салынған ескек есу арнасында триатлоннан супер- спринт қашықтығы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Жарыс Elite санаты мен U23, U19, U17, U15, U13 жас ерекшеліктері арасында өтуде.
Орта Азияда теңдесі жоқ, халықаралық талаптарға толық жауап беретін бұл заманауи спорт кешені еліміздің спорт инфрақұрылымындағы бірегей нысандардың бірі саналады. Ол республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

Ел чемпионатына Астана және Алматы қалаларынан, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарынан, сонымен қатар Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан келген 150- ге жуық спортшы қатысуда. Байрақты додада еліміздің үздік триатлоншылары өзара мықтыны анықтауда.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен Қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Сергей Майер қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Чемпионаттың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Elite, U23, U19 және U17 санаттарында жерлестеріміз жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен медальдарға ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша үздік спортшылар маусым айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатында 13 мәселе қаралды

berdaly_oraz

Жетісайда тік дренаждарды қалпына келтіретін мердігерлерге қатаң ескерту жасалды

berdaly_oraz

Түркістан облысында ауыл оқушысы әлемнің 40-қа жуық университетінен шақырту алды