ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы бойынша арнайы жиын өтті.
Жиында сайлау учаскелерінің әзірлігі, ақпараттық-насихат жұмыстары, қоғамдық-саяси ахуал мәселелері қаралды.

Жауапты бөлімдерге сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық және санитарлық жағдайы, интернет және резервтік электр көздерімен қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге қолайлы жағдай жасауға басымдық берілді.
Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық және төтенше жағдайлар қызметтерінің кезекшілігін ұйымдастыру, сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы штабтың тәулік бойы жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық бағытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-да тұрғындарға сайлау туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғаспақ. Қаладағы 6 сайлау учаскесінде «мини ЦОН» қызметі ұйымдастырылып, тіркеуде жоқ азаматтарды уақытша тіркеу мүмкіндігі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Жазғы демалыс – қауіпсіз әрі мазмұнды: Түркістанда 25 мыңнан астам бала лагерьде тынықты

Redaktor Arysinfo

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

Redaktor Arysinfo

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне арналған баспасөз орталығы жұмысын бастады

Redaktor Arysinfo