Байекеев Тоқберген Талипханұлы- Ақдала ауылдық округі әкіміне кандидат

ҒҰМЫРНАМА

Байекеев Тоқберген Талипханұлы, 1969 жылғы 16 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Ақдала ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1986 жылы Ақдала совхозында жұмысшы болып бастаған. 1987 жылы жүргізушілер курсына түсіп, сол жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 1987–1989 жылдары әскери қызмет атқарып, механик-жүргізуші болған.

1989–1991 жылдары Сырдария шаруашылығында жүргізуші, 1991–1994 жылдары Арыс кешенді тұрмыстық-жабдықтау кәсіпорнында жүргізуші қызметтерін атқарған.

1994 жылы Шымкент қаласындағы «Ақ-ку» шағын кәсіпорнында жабдықтаушы болып жұмыс істеді.

1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық көлік инспекциясы бөлімшесінің Темірлан филиалында 2-санаттағы инспектор, 1995–1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық көлік инспекциясы бөлімінің Арыс филиалында жетекші маман-инспектор қызметтерін атқарды.

1999–2000 жылдары Шымкент қаласындағы «Алматы экологострой» Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында аға инспектор болып еңбек етті.

2000–2001 жылдары Арыс қаласы әкімшілігінде қоғамдық көлік жөніндегі бас маман, 2001–2003 жылдары Арыс қаласы әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінде бас маман қызметін атқарды.

2003–2005 жылдары Арыс қаласы әкімдігінің құрылыс, коммуналдық шаруашылық және көлік бөлімінде бас маман, 2005 жылы Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болды.

2005–2007 жылдары аталған бөлімде бас маман қызметін жалғастырып, 2007–2008 жылдары Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2008 жылы Ақдала ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

2008–2010 жылдары Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде сектор меңгерушісі, 2010–2011 жылдары осы бөлімде бас маман қызметін атқарды.

2011–2021 жылдары Монтайтас ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

2021–2022 жылдары Монтайтас ауылдық округі әкімінің орынбасары болды.

2022 жылдан бастап аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Ақдала ауылдық округінің әкімі болып сайланып, бүгінгі күнге дейін осы қызметті атқарып келді.

Байекеев Токберген Талипхановичтің мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі мол. Ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, төтенше жағдайлар және жергілікті басқару салаларында жинақтаған тәжірибесі бар.

Отбасылы. Үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген.

Байекеев Тоқберген Талипханұлының
ТҰҒЫРНАМАСЫ

Құрметті Ақдала ауылдық округінің тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауларында ауыл-аймақтарды дамытуға, шағын шаруашылықтарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ауыл инфрақұрылымын жақсартуға ерекше мән беріліп келеді.

Осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, Ақдала ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіруге, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және ауылдың тұрақты дамуына өз білімім мен тәжірибемді жұмсауды басты мақсатым деп санаймын.

Егер Сіздер маған сенім білдіріп, Ақдала ауылдық округінің әкімі ретінде қолдау көрсетсеңіздер, төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруға күш саламын.

1. Ауыл шаруашылығын және «Ауыл аманаты» бағдарламасын дамыту

Ақдала ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын тиімді іске асыруды жалғастырамын.

2023 жылы бағдарлама аясында мал шаруашылығы бағытында 36 жеке тұлға жеңілдетілген несие алып, өз шаруаларын дамытуға мүмкіндік алды. Ұсақ жеке шаруашылықтарды біріктіру мақсатында екі ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Балық шаруашылығын дамыту бағытында да жұмыстар қолға алынып, ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. «Ақдала алтын балық» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі арқылы бұл бағытты одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес сүт бағытындағы кооператив құру жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсат – тұрғындардың өндірген сүтін тиімді бағамен өткізуге жағдай жасап, шикізатты дайын өнімге айналдыру арқылы ауыл кәсіпкерлігін дамыту.

2. Су ресурстарын тиімді пайдалану және суармалы егістікті дамыту

Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы ең алдымен су мәселесіне тікелей байланысты.

Президент тапсырмаларына сәйкес, су үнемдеу технологияларын енгізу, су инфрақұрылымын жаңғырту және су қорын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жалғастырамын.

2026 жылы Ақдала ауылдық округі аумағында жаңа су жинау бөгетін салу жоспарланып отыр. Бұл жоба іске асқан жағдайда шамамен 1500 гектар егістік алқапты суармалы сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі артады.

Судың егістікке жеткенше ысырап болуын азайту мақсатында округтегі каналдарға түгендеу жүргізіліп, оларды бетондау бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.

3. Су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу

Су тапшылығының алдын алу үшін заманауи суару технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлемін.

2026 жылы округте тамшылатып суғару әдісімен:

150 гектарға мақта;
130 гектарға дәнді жүгері;
10 гектарға бақша дақылдары егілді.

Бұл технологияның тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаруа қожалықтарымен келісімдер жасалды.

Алдағы уақытта тамшылатып және басқа да су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруашылықтардың санын арттыруға ықпал етемін.

4. Жол және ауыл инфрақұрылымын жақсарту

Ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін жолдардың сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырамын.

2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың ішкі орамдарындағы үш көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу, көшелерді абаттандыру және ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыруға күш саламын.

5. Ауыз су мәселесін шешу

Ақдала ауылындағы өзекті мәселелердің бірі – ауыз сумен қамту.

Халық санының өсуі және жаңа тұрғын үйлердің салынуына байланысты инженерлік инфрақұрылымға деген қажеттілік артып келеді.

Осыған байланысты ауыз сумен қамтылмаған және су құбырлары тозған аумақтарға инженерлік желілер тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда 15 көшеге су құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті бюджетке ұсыныс енгізілді.

Бұл жұмысты одан әрі жалғастырып, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесін кезең-кезеңімен шешуге бар күшімді саламын.

6. Жұмыспен қамту және жастарға қолдау көрсету

Жұмыссыздықпен күрес – басты міндеттерімнің бірі.

Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, арнайы және әлеуметтік жұмыс орындарын көбейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргіземін.

Жастарды еңбек нарығына бейімдеу, кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарына тарту, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандарды ауылға орнықтыру мәселелеріне қолдау көрсетемін.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды да назарда ұстаймын.

7. Әлеуметтік қорғау, білім және денсаулық сақтау

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту – жергілікті атқарушы биліктің маңызды міндеттерінің бірі.

Балаларға, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал етемін.

Білім беру мен денсаулық сақтау салаларының дамуына, ауыл тұрғындарының медициналық және әлеуметтік қызметтерді сапалы алуына қолдау көрсетемін.

Сондай-ақ аға буын өкілдерін, зейнеткерлерді және еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне тиісті деңгейде көңіл бөлуді жалғастырамын.

8. Қоғамдық келісім, заңдылық және ашық басқару

Ақдала ауылдық округінде тұратын түрлі этнос өкілдері арасында татулық пен қоғамдық келісімді сақтау – ортақ міндетіміз.

Мәдениет пен тіл саясатын дамытуға бағытталған іс-шараларды қолдап, ауылдағы тұрақтылықты нығайтуға күш саламын.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарау және тұрғындармен ашық диалог орнату қағидаттарын басшылыққа аламын.

Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысына құрметпен қарап, халықпен кері байланысты күшейтуге басымдық беремін.

9. Қауіпсіз ауыл және тұрақты даму

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі – басты құндылықтардың бірі.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытындағы іс-шараларды қолдаймын.

Сонымен бірге Ақдала ауылдық округінің экономикалық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және халықтың табысын көбейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамын.

Құрметті Ақдала ауылдық округінің тұрғындары!

Ақдала – мен үшін туған жер ғана емес, тағдырыммен сабақтас, талай жыл еңбек еткен қасиетті мекен.

Менің басты мақсатым – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту және қоғамдық тұрақтылықты сақтау.

Осы мақсаттарға жету жолында өзімнің көп жылдық мемлекеттік қызметтегі тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді ел игілігіне жұмсауға дайынмын.

 

Түркістан облысы Арыс қаласы Ақдала ауылдық округінің әкіміне үміткер Байекеев Тоқберген Талипхановичтің сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

 

Ұқсас жаңалықтар

1 мамырдан бастап ШЫМКЕНТ – МӘСКЕУ бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

berdaly_oraz

Арыста жасөспірімдер арасында халықаралық бокс турнирі өтуде

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

berdaly_oraz