Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың көңіл күйі өте жоғары.

Облыс бойынша референдум учаскелерінің саны – 947 (оның ішінде жабық учаскелер саны — 26).
Қазіргі таңда Түркістан облысының жалпы халық саны 2 млн 154 мың адамды құрайды. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі бойыншаТүркістан облысы 72,3%-ды құрады

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛЫП, ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

АРЫСТА БИЗНЕСКЕ ЖАҢА САЛЫҚ ЖЕҢІЛДІГІ ЕНГІЗІЛДІ

berdaly_oraz

Арыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш отырғызылды

berdaly_oraz