ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында Ұлттық кітап күніне орай тағылымға толы мәдени іс-шара өтті. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған «Артық білім – кітапта» атты әдеби-танымдық кеш оқырмандарға ерекше әсер сыйлады.

Аталған шара Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп жүзеге асырылып, кітапсүйер қауымның басын қосты. Рухани басқосуда кітаптың адам өміріндегі маңызы кеңінен насихатталып, оқырман мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Кештің салтанатты ашылуында Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Бастарбекұлы сөз сөйлеп, кітаптың ұлт руханиятын дамытудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Рысбек Ермекұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, кітап оқудың маңызын атап өтті.

Мәдени кеш барысында әдеби шығармалардан үзінділер оқылып, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Бұл шара – жас ұрпақты білімге, ізденіске баулып, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда сот екі баланы дәретханаға тастаған қызды мәжбүрлеп емдеуге жіберді

СОЗАҚТА СУ ҚОРЫ КӨЛЕМІ АРТЫП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда мектеп директорларына арналған облыстық форум өтті

Альфия Адамбек