Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум басталды

Түркістан қаласында «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды.

Симпозиум өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұсынған болатын. Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын терең зерделеу және дәріптеудің маңызын атап өткен еді.

Халықаралық жиынға Қазақстанмен қатар, Әзербайжан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен 100-ге жуық ғалым қатысып жатыр. Екі күндік симпозиум аясында Ясауи мұрасының рухани, зияткерлік және гуманистік қырларын қамтитын ғылыми баяндамалар ұсынылып, пікір алмасулар өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Сенаторлар Арыстағы өндіріс орындарының әлеуетін бағалады

berdaly_oraz

Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

berdaly_oraz

Атырау футбол клубының ойыншылары үш айдан бері жалақысыз жүргенін мәлімдеп, кезекті ойынына байкот жарияламақ

berdaly_oraz