ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ХАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫНА БЕРІЛДІ

 

Тәуелсіз Қазақстанның басты мерекелерінің бірі – Конституция күні қарсаңында Түркістан шаһарында 500 орындық жаңа Мәдениет үйі ашылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде:
– Түркістан – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің өзегі. Жаңа Мәдениет үйінің есігін айқара ашуы – өнер мен руханиятқа серпін беріп, жас буынның шығармашылық әлеуетін арттыруға жол ашады. Бұл – Мемлекет басшысының Түркістанды өркендету бастамаларының нақты көрінісі, – деді.

Заманауи үлгіде салынған ғимаратты Түркістан қалалық әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» тапсырыс беріп, «Өмірзақ» ЖШС мердігер ретінде іске асырған. 1,13 гектар аумақта бой көтерген жаңа мәдениет ордасында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі байқаулар мен өнер фестивальдерін өткізуге мүмкіндік бар.

Жаңа ғимаратта көркемсурет галереясы, музей залдары, хореография және фитнес залы, фотостудия, әдістемелік кабинеттер орналасқан. Сонымен бірге мәдениет ардагерлеріне арналған арнайы бөлме, халық театрлары мен ансамбльдерге, көркемөнерпаздарға арналған дайындық кабинеттері қарастырылған.

Түркістандықтар үшін ашылған бұл мәдениет үйі өңірдің рухани орталығына айналып, елдің өнер мен мәдениет саласындағы дамуына серпін бермек.


 

Ұқсас жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ОРДАБАСЫДА «ӘР ДАУЫС — БОЛАШАҚҚА АРТЫЛҒАН ҮМІТ» АТТЫ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Шардарада патриоттық кездесу өтті

berdaly_oraz

Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тегін қызмет көрсетеді

berdaly_oraz