Түркістанда жаңа өндіріс: флоат-шыны зауыты салынады

Түркістан облысында шетелдік инвесторлар ірі өндірістік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек шетелдік инвесторлармен кездесіп, жобаның негізгі бағыттарын талқылады. Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылыммен қамту және жер мәселелері қарастырылды.

Жобаның жалпы құны шамамен 220 млн АҚШ долларын құрайды және ол екі кезеңде іске асады:

1-кезеңде жылына 480 мың тонна жоғары сапалы флоат-шыны өндіретін зауыт салу жоспарланған.

2-кезеңде жылына 350 мың тонна кварц құмын өндіру кешені және қосымша өндірістік нысандар іске қосылады.

Мамандардың айтуынша, өңірде бұл жобаға қажетті шикізат жеткілікті. Атап айтқанда, Қазығұрт және Созақ аудандарында кварц құмының ірі қорлары бар.

Облыс әкімдігі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Жоба іске асқан жағдайда:

отандық өндіріс дамиды, импортқа тәуелділік азаяды, жаңа жұмыс орындары ашылады

Айта кету керек, инвестор компания алдын ала зерттеулер жүргізіп, өңірдегі кварц кен орындарының сапасын оң бағалаған. Осы негізде жобаны дәл осы Түркістан облысында жүзеге асыру туралы шешім қабылданған.

Бұл бастама тек облыс үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанның өнеркәсіп саласы үшін маңызды қадам болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда алғаш рет “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы ашылды

Түркістан облысында 1000-ға жуық тамақтану орны санитарлық тексеруден өтті

berdaly_oraz

Шымкентте «Mooni Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды