Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешені аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына әскерге шақыру науқаны аясында маңызды әрі әсерлі шара өтті.
Салтанатты рәсім барысында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтына 46 жас өренді шығарып салу ұйымдастырылды. Бұл – ел қорғаны болуға бел буған жастардың өміріндегі жауапты қадам.
Іс-шара барысында патриоттық рухты көтеретін сөздер айтылып, жас сарбаздарға ақ жол тілеген лебіздер көпшілік жүрегіне жетті. Ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері Отан алдындағы борышты өтеудің маңызын атап өтіп, жас буынға үлкен сенім артты.
Жастар үшін бұл күн – жаңа белестің бастауы. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында қызмет ету – әр азаматтың қасиетті парызы екені тағы бір мәрте айқындалды.
Ел қорғаны болуға аттанған жас сарбаздарға сәттілік пен абыройлы қызмет тілейміз!
