Түркістанда жемқорлық тәуекелдері сараланды

дереккөз фото: Түркестан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері талқыланып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды ұсыныстар қаралды.

16 маусым күні өткен жиында әкімдіктің дербес бөлімдеріне жүргізілген ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары ұсынылды. Талдау барысында анықталған тәуекелдер жан-жақты сараланып, оларды жоюдың нақты тетіктері мен алдын алу шаралары талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, есептің сапасын арттыруға бағытталған пікірлерін білдірді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте анықтау – мемлекеттік қызметтің ашық әрі әділ жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі. Сондықтан мұндай талдаулар тек кемшіліктерді анықтаумен шектелмей, олардың қайталануына жол бермейтін жүйелі шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімдігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, қоғам алдындағы есептілікті күшейту және жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, тәуекелдерді дер кезінде анықтап, жою – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың маңызды тетігі болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАДЫ

Redaktor Arysinfo

ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН ЕҢБЕК ИЕСІНЕ ІЗЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстанның білім министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады

Redaktor Arysinfo