ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ГРЕКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған «Qazygurt» командасы Грекияның Коринф қаласында өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі екінші орынды иеленді.

Әлемнің 56 елінен жиналған жас инженерлер қатысқан байрақты бәсекеде қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Германия, Қытай, Испания және Түркия командаларымен сынға түсті.

Нәтижесінде қазығұрттық жас өнертапқыштар Champions Award номинациясында II орынға ие болып, ел мерейін үстем етті.

Команда құрамында Бауыржанқызы Арайлым, Абдрай Ернұр, Жаркинбек Інжу, Амангельдиев Абзал, Жетпіс Ерасыл, Өтепберген Нұрбек, Айбек Еркебұлан және Кенесов Диас өнер көрсетті. Олар Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі және А.С. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары.

Жетекшілері – Оразхан Бексұлтан, Тастан Ербол, Үстенов Нұрсұлтан, Нышан Қайыркен және Әлімқұлов Қуаныш.

Айта кетейік, «Qazygurt» командасы халықаралық чемпионатқа жолдаманы Alem Tech Fest жарысында жеңіп алған. Аталған байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation және Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ұйымдастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

berdaly_oraz

“Мұстафа, Мұса, Хадия”: Шымкентте үшем дүниеге келді

Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы ұрлап, 5 млн теңге талап еткен күдіктілер ұсталды

berdaly_oraz