Түркістандық жүзу шеберлері Қазақстан чемпионатында 12 медаль иеленіп, командалық есепте екінші орын алды

Талдықорған қаласында өткен жүзуден Қазақстанның жазғы чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 7 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Елдің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам спортшы бақ сынаған төрт күндік додада халықаралық жарыстарға жолдама үшін талас қыза түсті.

Түркістан облысының намысын қорғаған Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко, Анастасия Ермакова, Глеб Басов, Дарья Токтобаева мен Диана Тасжанова өз бағдарламаларында үздік нәтиже көрсетіп, өңір құрамасының медальдық есепте екінші орынға көтерілуіне жол ашты.

Облыстың аға жаттықтырушысы Нұртілек Убайдулаев:
«Қазіргі нәтижелер көңіл қуантады. Спортшыларымыз жеңіске деген жігері арқылы сәтті өнер көрсетті. Алда – халықаралық арена. Жіберіп алмауға тырысамыз», – деп атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта соңғы қоңырау мен жазғы демалысқа дайындық пысықталды

berdaly_oraz

Түркістан облысы спортшыларының өткен аптадағы жетістіктері

Арыстың төрт жігіті Отан қорғауға аттанды

berdaly_oraz