ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНА БАРДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Арыс қаласына ат басын бұрып, қаладағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарды аралады. Сапар барысында ол жергілікті кәсіпкерлермен пікірлесіп, өндірістік және экономикалық ахуалды талқылады.

Іссапардың алғашқы нүктесі – «Baysan group» ЖШС-нің минералды су мен алкогольсіз сусын өндіретін цехы болды. Бұл өндіріс орны жер қойнауынан алынатын табиғи минералды суымен танымал. Сұраныстың артуына байланысты цехтың өндірістік қуаттылығы ұлғайып, жаңа автоматтандырылған құрылғылар іске қосылған. Жобаның жалпы құны – 850 миллион теңге. Мұнда 20 адам тұрақты жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 2,5 миллион литрге дейін минералды су шығарады. Өнім 1870 метр тереңдіктен алынатын көзден өндіріледі. Ішкі нарықпен қатар, бұл су Қытайға да экспортталуда.

Әкім сапарын 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Арай» аяқ киім тігетін цехында жалғастырды. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған үш жүзге жуық түрлі үлгідегі аяқ киім дайындалады. Кәсіпорында қазіргі уақытта сегіз адам еңбек етеді. Жыл сайын 20 мың жұп аяқ киім өндіруге мүмкіндік бар.

Нұралхан Көшеров кәсіпорындарды аралау кезінде олардың өнім сапасын жоғары бағалап, өңірдегі отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол жергілікті бизнестің дамуы облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға тікелей әсер ететінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ерекше жандарға қамқорлық күшейді: нақты нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер

berdaly_oraz

«Көлік кептелісі азаяды» Шымкентте жаңа теміржол өткелі салынып жатыр

berdaly_oraz

АУЫЛ – ХАЛЫҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ДІҢГЕГІ, ЕЛДІГІНІҢ БАСТАУЫ

Redaktor Arysinfo