«Көлік кептелісі азаяды» Шымкентте жаңа теміржол өткелі салынып жатыр

Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінде көлік кептелісін тудыратын теміржол өткелінің мәселесі шешімін табуда. Қала тұрғындарының қауіпсіз әрі еркін қатынауын қамтамасыз ету мақсатында мұнда заманауи өткел құрылысы басталды.

Жоба 2024 жылдың қарашасында бекітілген мемлекеттік сатып алу шарты негізінде іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді ауыстыру 90%-ға орындалса, өткелдің құрылысы 30% деңгейіне жетті. Сонымен қатар, тірек қабырғаларын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, өткел биыл қарашада көлік қозғалысы үшін ашылады.

Ауқымды инфрақұрылымдық бастама – Шымкент қаласының жол желісін жаңғыртып, көлік ағынын оңтайландыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Тараз маңында жас полицей қызметтік қарумен өзін атып өлтірді

berdaly_oraz

Түркістан облысында тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» жоғары деңгейде қорытындыланды

berdaly_oraz