Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тағы бір мәрте талқыға түсті. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандықтың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Жиында жастар арасында қылмыс, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Арыс аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция капитаны Жәнібек Азамат пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғани Садыков баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарларды таныстырды.
Комиссия отырысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жетілдіру және әлеуметтік қолдау тетіктерін кеңейту жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Қатысушылар балалардың қауіпсіздігі мен заңды құқықтарын қорғау – мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
