БІРЛІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАТЫР АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Арыс қаласында көпбалалы аналарды ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған алтын құрсақ аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.

Қала әкімінің орынбасары аналарды мерекемен құттықтап, олардың отбасы институтын нығайтудағы, ұрпақ тәрбиелеудегі және ел болашағын қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.

Мемлекеттік наградаға ие болған аналар көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Арыс қаласында 2700-ден астам батыр ана бар. Олар ай сайын табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы алады. Сонымен қатар, көпбалалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 18 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫСЫ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Redaktor Arysinfo

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді – ЕХӘҚМ мәліметі

berdaly_oraz