Жетісайда 3 мыңға жуық адам сенбілікке қатысып, дала өртінің алдын алуға жұмылды

Жетісай ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және дала өрттерінің алдын алу мақсатында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық акциясына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысып, жалпы саны 3 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

Сенбілік барысында саябақтар, демалыс орындары, елді мекендер мен автомобиль жолдарының бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, өрт қаупін күшейтетін құрғақ шөптер мен бұталар жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында дала және орман алқаптарына жақын аумақтарға ескерту белгілері мен ақпараттық баннерлер орнатылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандардың мәліметінше, жаз мезгіліндегі дала өрттерінің көпшілігі адам факторынан болады. Сондықтан мұндай алдын алу шаралары табиғатты қорғаумен қатар, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.

Аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен Жетісай ауданында экологиялық акциялар мен сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жұмыстар өңірдің санитарлық тазалығын сақтауға, табиғатты қорғауға және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

berdaly_oraz

САРЫАҒАШТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ ЖОЙЫЛДЫ

berdaly_oraz