ЖЫЛҒАДА ӨНЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ КЕШІ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Жылға ауылдық округі әкімдігі

Жылға ауылдық округінің мәдениет үйінде үйірме мүшелерінің «Өнерім — өрісім» атты қорытынды концерттік бағдарламасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – үш ай бойы шығармашылық үйірмелерде білімін шыңдаған жастардың жетістіктерін саралап, ұлттық өнерді дәріптеу. Осы уақыт аралығында домбыра, би, вокал және көркем сөз бағыттары бойынша тәлім алған Жылға жастары сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.

Кеш барысында жаңадан құрылған домбырашылар тобы қазақтың күйлерін орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар бишілер мен жас әншілер өнер көрсетіп, дайындық деңгейлерін танытты.

Сондай-ақ мәдениет үйінің жанынан құрылған әжелер ансамблі сахнаға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл көрініс ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі болды.

Мәдениет үйі қызметкерлерінің айтуынша, концерт жүйелі еңбек пен шығармашылық ізденістің нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар ауыл мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-Министр: Қолөнер мен әдет-ғұрыптарды сақтауды «Үздік тәжірибелер» тізімдеріне енгізу қажет

АРЫСТА ӨНДІРІС ҚАРҚЫН АЛАДЫ: ЖАҢА МАЙ ЗАУЫТЫ МЕН ҚҰРҒАҚ ПОРТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Әлеуметтік және коммерциялық нысандар арнайы үлгіде салынады