Айыппұлға кешірім: Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша рақымшылық енгізілмек. Сенат тиісті заңды мақұлдап, құжат құқықтық жүйені ізгілендіруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Заңнамалық түзетулер рақымшылық жасаумен ғана шектелмейді. Құжат қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тетіктерін жетілдіруді көздейді.

Жаңа нормалар азаматтарға түсетін құқықтық жүктемені азайтып, құқық қорғау және сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжатта цифрландыру үдерістерін кеңейту мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мәселелері де қамтылған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама жазалау тетіктерінен гөрі құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық беретін жаңа құқықтық саясаттың көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

Түркістан: Шардарадағы жағажайлардың тазалығы мен қауіпсіздігі бойынша қатаң талаптар қойылды