«Қосылған құн – XXI ғасырдың жаңа мұнайы»: «Әділет» партиясы өнеркәсіпті дамытудың жаңа басымдықтарын талқылады

дереккөз фото: turkystan.kz.

Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің кезекті отырысында кеңінен талқыланды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың жетекшілігімен өткен жиында бизнес қауымдастығы, салалық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қазақстандық өндірісті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Айбек Дәдебай жаңа Конституцияның күшіне енуі ел дамуының жаңа кезеңін айқындағанын атап өтіп, оның қағидаттары экономикада нақты нәтижелер арқылы көрінуі тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс орындарын көбейту және отандық кәсіпкерлікті қолдау – осы бағыттағы басты міндеттердің бірі.

Соңғы он жылда еліміздің өңдеуші өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі шамамен 50 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,2 пайыздан 13 пайызға дейін артқан. Ендігі мақсат – қосылған құны жоғары өнім өндіретін кәсіпорындарды көбейтіп, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту.

«Қосылған құн – XXI ғасырдың жаңа мұнайы. Интеллектіге, технологияға және дайын өнім экспортына негізделген экономика ғана елдің ұзақ мерзімді дамуына жол ашады», – деді Айбек Дәдебай.

Жиында мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, бұл тетік ең алдымен отандық өндірісті ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті өнім үлесінің артуына қызмет етуі қажет.

Саяси кеңес бюросының мүшесі, «Универсал» компаниясының басшысы Замира Кузиева жеткізушілерді бағалау кезінде тек тауардың шығу тегін ғана емес, олардың Қазақстан экономикасына қосқан нақты үлесін де ескеруді ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан азаматтарына жақсы жаңалық: шетелде тұрса да зейнетақы төленеді

Redaktor Arysinfo

1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді? Жаңа Конституциядан QR төлемге дейінгі басты жаңалықтар

Redaktor Arysinfo

Қоғамдық орындарда бет-жүзін тұмшалап жүретіндерге айыппұл салынады

Redaktor Arysinfo