Өнеркәсіпке серпін: «Әділет» партиясы экономиканы күшейтудің жаңа жолдарын ұсынды

Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібін дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің отырысында талқыланды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай қосылған құны жоғары өнім өндіру ел экономикасының басты бағыты болуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, өндірісті күшейту жаңа жұмыс орындарын ашып, Қазақстанның экономикалық дербестігін нығайтады.

Жиында мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, отандық кәсіпкерлерге басымдық беру және ішкі нарықты қорғау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар жеткізушілерді бағалау кезінде олардың Қазақстан экономикасына қосқан үлесін ескеру ұсынылды.

Қатысушылар бұл бастамалар өңдеуші өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, ел экономикасының тұрақты өсіміне ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте заманауи музыкалық субұрқақ пайдалануға берілді

berdaly_oraz

15 жастағы күдікті қамауға алынды: оқиғаның мән-жайы анықталуда

Redaktor Arysinfo

Шымкент қаласының прокурорлары 290 мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді