Елімізде оқушылардың қорытынды аттестация мерзімі бекітілді

 

2024–2025 оқу жылына арналған қорытынды аттестацияның нақты мерзімдері мен өткізу тәртібі Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілді.

9-сынып оқушылары 2025 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында төрт жазбаша емтихан тапсырады. Барлық сынақтар міндетті пәндер бойынша өтеді.

11-сынып түлектері үшін мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 16 маусым аралығына жоспарланған. Бұл кезеңде олар бес пәннен, оның ішінде бір ауызша емтиханнан өтеді.

Аттестаттарды табыстау рәсімі еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 18–20 маусым күндері өтеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда колледж студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиядасы басталды

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

БЖБ мен ТЖБ-ға өзгеріс енуі мүмкін — Жұлдыз Сүлейменова

berdaly_oraz