«Халқым менен де биік»: бүгін Қаныш Сәтбаевтың туған күні

Автор: Бердалы Ораз / Сурет: Ашық дереккөз

12 сәуір – қазақ ғылымының алып тұлғасы, тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Биыл ғұламаның туғанына 126 жыл толып отыр.

Ол 1899 жылы қазіргі Баянауыл ауданы аумағында дүниеге келген. Ғалымның шын есімі – Ғабдулғани. Анасы еркелетіп «Ғанышым» деп атағандықтан, кейін бұл есім Қаныш болып қалыптасқан.

Қаныш Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырып, оның тұңғыш президенті атанған көрнекті ғалым. Ол Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалап, металлогения мектебін қалыптастырды. Сонымен қатар, қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторларының бірі ретінде елдің ғылыми-техникалық дамуына зор үлес қосты.

Ғалымның еңбегі жоғары бағаланып, ол бірнеше мәрте мемлекеттік марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Ленин және Сталин сыйлықтарын иеленіп, бірнеше орденмен марапатталған.

Қаныш Сәтбаев еліміздің геология саласын жаңа деңгейге көтеріп, Жезқазған мыс кен орнын әлемге танытты. Оның еңбегі тек ғылымда ғана емес, ел экономикасында да айрықша маңызға ие болды. Ол Қазақстанның индустриялық әлеуетін сақтап, дамытуға үлкен үлес қосты.

Қазақ даласының қойнауын терең зерттеген ғалым Ұлытау, Қаражал, Жәйрем сияқты көптеген өңірлердегі кен орындарын анықтап, олардың игерілуіне жол ашты. Соның арқасында мыс, марганец, қорғасын мен мырыш өндірісі дамып, жаңа зауыттар іске қосылды.

Тіпті соғыс жылдарында қабылдаған шұғыл әрі стратегиялық шешімдері оның тек ғалым ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын қайраткер екенін айқын көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

Redaktor Arysinfo

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ ӘКІМ ЫСҚАҚПЕН СҰХБАТ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНЫП, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРГЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo