Алматы әуежайында ерлік жасаған азамат марапатталады

Алматы әуежайында орын алған төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткен азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды. Ол қарулы қылмыскерді залалсыздандырып, әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалған.

Батылдық танытқан азамат кім?

Кейін белгілі болғандай, бұл азамат – Мұса Әбдірайым. Ол 1973 жылы Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. Кәсіби спортпен айналысқан, көпбалалы әке.

Оның бұл әрекеті қоғамда үлкен резонанс тудырып, көптеген азамат оның батылдығын жоғары бағалады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та оның ерлігін ерекше атап өтіп, мемлекеттік марапатқа ұсыну туралы тапсырма берді.

Туыстарының пікірі

Оның інісі, танымал әнші Бағлан Әбдірайымов ағасының бұл әрекетін мақтанышпен атап өтті. Ол Мұса Әбдірайымның бала күнінен спортқа жақын болғанын, осындай жағдайда тез шешім қабылдай алатын қабілеті бар екенін айтты.

Сонымен қатар, оның қызы – Аружан Мұса кино саласында танымал жас актриса. Ол бірнеше жарнамалық роликтерге түсіп, «Тырна» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған.

Бұл оқиға қоғамда үлкен қолдау тауып, ерлік жасаған азаматтың лайықты марапат алуы керектігі айтылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік оқушылар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылады

berdaly_oraz

Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей осы жылдың 10 тамызда туылып,есімі Абай болып қойылған қазақстандықтарға 180 мың теңге сыйақы беруді уәде етті

berdaly_oraz

Пікір жазу