Енді мектепте смартфон ұстаған баланың ата-анасына айыппұл салынады

Мектеп партасында білім емес, бейнежазба іздеп отырған бала көрінісі көптен таныс. Осы жағдайды өзгертудің жолын іздеген білім саласының мамандары жаңа ережені ұсынып отыр: енді оқушы сабақ үстінде телефон қолданса, жауапкершілік оның ата-анасына жүктелмек.

Мақсат – оқушылардың сабақ процесіне толық көңіл бөлуін қамтамасыз ету. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шектеу баланың назарын жинақтап, оқу үлгерімін арттыруға және тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Бұл бастама қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірі — «баланың дамуы үшін пайдалы тәртіп» десе, енді бірі — «ата-ананы жазалау әділ емес» деп санайды. Дегенмен, негізгі мақсат бір: сыныптағы тәртіп пен білім сапасын жақсарту.

Енді басты сұрақ — бұл ереже шын мәнінде нәтиже бере ме, әлде жаңа дау тудыра ма — уақыт көрсетеді.

Бердалы Ораз

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасыда шетелдік дәрігер шеберлік сағатын өткізді

berdaly_oraz

«Шу қаласынан шу шықты»: Дәрігерлер жүкті әйелдің мәйітін жертөледе жасырған

berdaly_oraz

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫТ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ ИЗВЕСТИ, СООТВЕТСТВУЮЩИЙ СОВРЕМЕННЫМ ТРЕБОВАНИЯМ

Redaktor Arysinfo