Марат Жолдасбеков Арыс қаласының дамуына үлес қосуды көздейді
1991 жылы 6 қаңтарда Арыс қаласында дүниеге келген Марат Жолдасбеков №5 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынылып отыр. 2008–2014 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолында басқару және кәсіпкерлік салаларында қызмет атқарған. 2014–2024 жылдары «Түркістан асылдандыру орталығы» және «КамАЗ» Шымкент автоорталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде директор болған. Ал 2024 жылдан бері «Асыл тұқымды қойлар» республикалық палатасын басқарады.
Марат Жолдасбековтің айтуынша, Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, жаңа жұмыс орындарын ашу және қайырымдылық бастамаларын қолдау – негізгі мақсаттарының бірі. Ол тұрғындардың өтініш-тілектерін назарға алып, қаладағы өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысуды көздейді. Кандидаттың ұстанымы «Тұрақты сенім. Нақты іс. Жайлы орта» деген ұранмен айқындалған.
