Шымкентте көше мен базарлардан жас жігіттерді  күштеп әскерге алып кетіп жатыр

Шымкентте көше мен базарлардан жас жігіттерді  күштеп әскерге алып кетіп жатырған видео әлеуметтік желіде тарап жатыр,-деп жазады Арысинфо тілшісі.

Шымкенттің көшелерінде жас жігіттерді көшеден, тіпті базар маңынан күштеп әскерге әкетіп жатқан видеолар әлеуметтік желіні шулатты. Бұл жағдай қоғамда резонанс туғызып, ашық наразылық пен қорқыныш тудырып жатыр.

Шымкент Қорғаныс істері департаментінің жауабы ұятсыздықпен жанасып тұр: «Әскерге шақыру науқаны әкімдік қаулысы негізінде өткізіледі, рейдтер де сол қаулыға сай» дейді. Алайда әкімдік қаулысы адамның ең негізгі құқығын — еркін таңдау мен бостандықты аяққа таптауға қанша негіз бола алады?

Қоғам белсенділері мен заңгерлердің дауысы естілмей қалған жоқ. Олар бұл әрекетті адам құқықтарын өрескел бұзу, заңдылыққа қайшы келетін зорлық деп айыптайды. Еркіндік пен адамгершілік қайда қалды? Күш көрсету, ұстау — бұл әскерге шақырудың әдісі емес, бұл — ашық құқық бұзу.

Егер мемлекеттің басты міндеті — азаматтардың құқығын қорғау болса, онда мұндай күштеп әкету әрекеттері дереу тоқтатылуы тиіс. Әйтпесе, заң мен әділеттіліктің орнына қорқыныш пен қысым билік ететін қоғамға айналамыз.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 144 отбасы жаңа арендалық баспанаға ие болды

berdaly_oraz

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

berdaly_oraz

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлап жатыр

berdaly_oraz

Пікір жазу