Шымкентте бір аптада екі бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бір аптаның ішінде екі науқасқа бүйрек трансплантациясын сәтті жүргізді. Бірінші жағдайда 48 жастағы әйел өз әпкесіне донор болды. Науқас созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты екі жыл бойы гемодиализде тұрған. Ал екінші операция 37 жастағы ер адамға жасалды, оған туған әпкесі бүйрегін берді.

Мамандардың білікті жұмысының нәтижесінде екі операция да ешқандай асқынусыз өтті. Қазіргі таңда донорлар мен реципиенттер палатаға ауыстырылды, олардың жағдайы тұрақты. Операцияларды жоғары санатты хирургтер: Т. Садықов, Б. Байтеміров, Р. Өмбетжанов, Б. Бауыржан, Д. Қабылов, У. Мұқанова, Қ. Айтуов және Б. Керімқұлов сәтті жүзеге асырды.

Айта кетейік, №1 қалалық клиникалық ауруханада бүгінге дейін 233 бүйрек трансплантациясы және 32 бауыр трансплантациясы жасалған. Бұл көрсеткіш өңірдегі медициналық қызметтің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында шіркейге қарсы 111 тоннадан астам биопрепарат қолданылмақ

berdaly_oraz