Ақтаулық Сәтқұлова Мәдина Нұржанқызы есімді тұрғын Arysinfo.kz редакциясы арқылы елге үндеу жариялап, жарты ғасырға жуық уақыт бойы көрмеген туған әкесін іздеп жүргенін мәлімдеді.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.
Оның айтуынша, әкесінің аты – Нұржан, ол 1970 жылы дүниеге келген. Туған жері – Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылы. Руы – Қоңырат, Жетімдер.
— «Әкем мені көрмеген, мен де оны танымаймын. Бірақ жанымда болмаса да, жүрегімде бар. Жарты ғасырға жуық уақытта бір рет көру – менің ең асыл арманым. Сол үмітпен сіздерге хабарласып,елге жариялап отырмын», – дейді ол.
Мәдинада бар нақты дерек – әкесінің 1996–1997 жылдары Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернатының жатақханасында тұрғаны ғана.Содан бері ол адамнан еш хат-хабар болмаған.
Іздеу салып отырған қызы ел ішінде көзі шалған, естіген немесе қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан хабарласуын өтінеді.
Байланыс нөмірі: 8 700 325 70 64
Редакция нөмірі: 8 771 325 7064
Құрметті,Түркістан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылының тұрғындары,немесе осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін жандар! Осы ақпаратқа репост жасап таныстарыңызбен бөлісіп,Мадинаның әкесімен қауышуына көмектесіңіздер! Бір адам-бір әлем! Мүмкін,дәл сіз оның ізіне жарық түсірерсіз…
Автор: Бердалы ОРАЗ
