Алматы әкімі Ерболат Досаев әуежайда кепілге алынған қызды құтқарған ер адамды медальмен марапаттады

Алматы әкімі Ерболат Досаев әуежайда кепілге алынған қызды құтқарған ер адамды медальмен марапаттады,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Алматы әуежайында пышақ ұстаған қаскөй бүлік шығарып, әуежай қызметкерін кепілге алған болатын.Қаскөй айналасындағыларды қорқытып, жағдай ушыға түскен сәтте, Әбдірайым Мұса Сайранбайұлы еш ойланбастан іске кірісті. Ол қорыққан қызды босатып, оның орнына өз еркімен кепілге алынды.

Қару ұстаған адамның алдында тұрып, Әбдірайым Мұса оны сабырға шақыруға тырысты. Қаскөйдің қолындағы пышақ кез келген сәтте қауіп төндіруі мүмкін еді, бірақ ол сәтті сәтін пайдаланып, қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алды. Одан кейін қаруды лақтырып, айналасындағыларға қауіпсіз жағдай жасап берді.

Оның осы батылдығының арқасында кепілге алынған қыз аман қалып, әуежайдағы жағдай бақылауға алынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ерлікті назардан тыс қалдырмай, оған «Ерлігі үшін» медалін табыстауды тапсырды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев марапатты табыстау кезінде Әбдірайым Мұсаның жанқиярлығы мен батырлығын ерекше атап өтіп, оның әрекеті бүкіл қоғам үшін үлгі екенін айтты. Ал Әбдірайым Мұса болса, бұл ерлік емес, жай ғана адами парызым деп санайтынын айтып, елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім болуын тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында әділет департаменті 3500-ден астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсеткен

Арыста TEDx форматындағы рухани көшбасшылық кездесуі өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ТАЗАЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА 700-ДЕН АСТАМ БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛҒАН

Redaktor Arysinfo