Арыс әкімі тыл ардагерлерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, Мемлекет басшысының атынан мерекелік медальдар мен сый-сияпаттар табыстады.

Қалада бүгінде 118 тыл ардагері тұрады. Олардың құрметіне ұйымдастырылған шараға қала басшысымен бірге Арыс ауданының прокуроры Алмас Арыстанбеков пен зиялы қауым өкілдері қатысты. Құттықтау сапары теміржол саласының ардагері Вера Алюнинадан басталып, Кемелбек Асылбеков, көпбалалы ана Күлпаршын Ағманова және дәрігер Несібелі Төлегенованың үйлерінде жалғасты.

Әрбір ардагерге Президенттің арнайы медалі, ақ тілектер мен құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, қалада тұратын 6 майдангердің жесірі де мемлекет қамқорлығына алынған. Барлық ардагерлерге бір реттік қаржылай көмек көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда шетелдік инвесторлар агроөнеркәсіптік өндірісті кеңейтуде

berdaly_oraz

Табиғатты қорғау – ортақ міндет

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА АУҒАНСТАН ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz