АУЫЛ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА КҮШ САЛАМЫН

Түркістан облысы Арыс қаласы Байырқұм ауылдық округінің әкіміне үміткер

САЗАНОВ  ҚАНЫБЕК  ЖӘНІБЕКҰЛЫНЫҢ 

ӨМІРДЕРЕГІ:

Сазанов Қаныбек Жәнібекұлы, 1985 жылы 21 тамызда  Оңтүстік Қазақстан облысы  Шардара қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

Білімі жоғары.

Үйленген, зайыбы Оралбекова Құралай Медетқызы.

Екі қыз, екі ұлы бар.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ: 

01.04.2009-01.10.2014 жылдар аралығында  «Арыс аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында маман;

17.07.2015 жылдан бастап  бүгінгі таңға дейін Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарып келеді.

 

ҮМІТКЕРДІҢ  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Ауылдық округі әкімінің құзіретін пайдалана отырып, округ тұрғындарының жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқару.

2. Уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмыс жасап, Жергілікті ардагерлер кеңесі, Отбасы және әйелдер ісі кеңесі, Жастар ісі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмысын дамыта отырып, мемлекеттік басқарудан халықтық басқаруға қол жеткізу.

3. Жергілікті жерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы ауылдағы ахуалға ауыл тұрғындарының ықпалын арттыруға қол жеткізу.

4. Жұқпалы мал ауруларының алдын алуда қолданыстағы мал қорымдарын қалыпқа келтіру, болмаған жағдайда жаңадан салғызу.

5. Төменгі пайызды несиелер арқылық шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

6. Шаруа қожалықтарының жұмысының уақыт талабына сай ұйымдастырылуын қадағалай отырып, мал басын асылдандыру, мал бордақылау алаңдарын ашып шаруашылықтың тиімділігін арттыру мақсатында кооперативтер құру.

7. Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау.

8. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру.

9. Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.

Түркістан облысы Арыс қаласы Байырқұм ауылдық округінің әкіміне үміткер Сазанов Қаныбек Жәнібекұлының  сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

Ұқсас жаңалықтар

Кибералаяқтық бақылауда: Түркістанда өткен форум мыңдаған адамды біріктірді

berdaly_oraz

Облыста жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

Тұрғындарға солтүстік өңірлерден бос жұмыс орындары ұсынылды

Пікір жазу