АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Түркістан облысы Арыс қаласы  Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер Ахметов Ербол Батырбековичтің

ӨМІРДЕРЕГІ:

Ахметов Ербол Батырбекович, 1981  жылы 30 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы  Ленин ауданы Жаңабазар ауылында  дүниеге келген.  Ұлты – қазақ.

Білімі жоғары.

Үйленген,  зайыбы Алдашева Шакизада Бахтиярқызы.

Төрт қыз, бір ұлы бар.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

08.05.2005 – 05.09.2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицері;

06.03.2009 – 10.10.2013 жылдар аралығында Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде инфроқұрылым және жер қатынастары бас маманы;

10.10.2013 – 10.12.2014 жылдар аралығында Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңгер ,  іс-жүргізуші бас маманы;

10.12.2014 – 26.07.2021 жылдар аралығында Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары;

27.07.2021  жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы, Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округ әкімі лауазымын атқарып келеді.

 

ҮМІТКЕРДІҢ  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Ауыл шаруашылығы. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативін құру, кооператив арқылы тиімді несие алып, округіміздің негізгі дақылдары – бидай мен мақсарыны өңдеу және сату жұмыстарын жолға қою, ауыл шаруашылығын дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.

2. Қабылсай, Бақырша, 42 разъезд ауылдарында ауыз су мен сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету.

– Аталған елді мекендердегі ауыз су мәселесін шешу үшін жаңа жобаларды әзірлеп, қажетті жұмыстарды іске асыру;

– Электр желілерін жаңғырту, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету.

3. Табиғи газ тарту мәселесін шешу

– Округке қарасты барлық ауылдарда табиғи газ мәселесін шешу үшін жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеу;

– Қажетті жобаларды іске асыру үшін жоғарғы органдарға ұсыныс енгізу.

4. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару

– Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан жер иелерін анықтап, заң аясында жерлерді мемлекет меншігіне қайтару;

– Қайтарылған жерлерді тиімді пайдаланатын азаматтарға беру.

  1. Инвестиция тарту және кіріс көздерін ұлғайту

– Ауыл шаруашылығы және өңдеу саласында жұмыс істейтін инвесторларды тарту;

– Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы округ бюджетінің кіріс көздерін көбейту.

  1. Ішкі жолдарды орташа жөндеу

– Округке қарасты ауылдардың ішкі жолдарын кезең-кезеңімен орташа жөндеуден өткізу;

– Қажетті жобаларды әзірлеп, қаржы көздерін қарастыру.

  1. Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейту

– Округ аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;

– Тұрғындарға қолайлы және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру үшін абаттандыруды жандандыру.

 

Түркістан облысы Арыс қаласы  Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер Ахметов Ербол Батырбековичтің сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

Ұқсас жаңалықтар

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі 13 балалар сауықтыру лагерінде сабақтар өткізді

Шерзат Полаттың өлімі: сотта айтылған маңызды жайттар

Ордабасы ауданынан 2 мың оқушы жазғы сауықтыру лагеріне барады