Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі 13 балалар сауықтыру лагерінде сабақтар өткізді

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі 13 балалар сауықтыру лагерінде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында сабақтар ұйымдастырып, өткізді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сабақтар барысында балаларға келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді: қаржылық алаяқтықтың түрлері, оның ішінде дропперлер мен қаржы пирамидалары; вейп қолданудың зияны, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық негіздері.

Сонымен қатар, қызметтік иттерді қолдана отырып, есірткі заттарын анықтау және іздеу бойынша кинология қызметкерлерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Демалушылардың қатысуымен спорттық жарыстар мен ойын-сауық шаралары өткізілді.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 3610 адамды құрады, оның ішінде балалар, тәлімгерлер мен ата-аналар бар. Қатысушыларға QR-кодтары бар 2060 ақпараттық брошюра таратылды.

Бұдан бөлек, «Қолынан келсе, мені алдап көр» тақырыбындағы қаржылық сауаттылыққа арналған балалар сурет байқауының қорытындысы бойынша 20 бала марапатталды, олардың 10-ы – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

IMG_0063

 

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Халықтың қамы мен мемлекеттің мүддесі – мен үшін ең қымбат құндылық

berdaly_oraz

Киелі Түркістанға Ақ Жайық өнер керуені келді

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

berdaly_oraz