Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді

2025 жылы АЕК мөлшері 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге  артты.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері артты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері мынадай болып белгіленеді:

  • төрт балаға – 63 030 теңге (2024 жылы – 59 183 теңге);
  • бес балаға – 78 798 теңге (2024 жылы – 73988 теңге);
  • алты балаға – 94 565 теңге (2024 жылы – 88 973 теңге);
  • жеті балаға – 110 332 теңге (2024 жылы – 103 598 теңге);
  • сегіз және одан да көп балаға – әр бала үшін 15 728 теңгеден қосылады (2024 жылы – 14 768 теңге).

Бұл көрсеткіштердің өсуі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюымен байланысты. 2025 жылы АЕК мөлшері 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге дейін артты.

«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, төрт және одан көп баласы бар, оның ішінде 23 жасқа дейін күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасы саналады.

2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға 390 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленген. Бұл қолдау отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

“Бала өлімінен кейін”: Шымкент әкімі аудан әкімін қызметінен босатты

Арыс қаласы үшін облыс әкімнің сапары сөзден іске көшетін бетбұрыс бола ала ма?

berdaly_oraz

Түркістан облысында оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде іске асуда

berdaly_oraz