Түркістан облысында борконьерлерден 80 келіге жуық балық тәркіленді

Түркістан облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматтар ұсталды. Шардара су қоймасында заңсыз балық аулап жүрген екі тұрғын арнайы рейд барысында анықталды.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Құқық қорғау органдары жүргізген тексеру кезінде олардан ұзындығы 1200 метр болатын балық аулау торы, қайық және 80 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, заңсыз балық аулау экожүйеге айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан полиция қызметкерлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 14 мың шақырымға жуық өртке қарсы жолақ жүргізілді

berdaly_oraz

Төле би ауданында мемлекетке 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар азамат ұсталды

Түркістанда халықаралық бизнес-форум өтті

Альфия Адамбек