Канадада миллиардер Илон Маскты eл азаматтығынан айыруды талап етілуде

Канадалықтар миллиардер Илон Масктың ел азаматтығынан айырылуын талап етіп, арнайы петицияға қол қоюда. Бұл бастама ел ішінде үлкен қоғамдық пікірталас тудырды.

Петицияны ұйымдастырушылар Масктың әрекеттерін Канада мүдделеріне қайшы деп бағалайды. Құжатта оның қаржылық және саяси ықпалы арқылы сайлау үдерістеріне араласып, ел тәуелсіздігіне қауіп төндіріп отырғаны айтылады. Сондай-ақ, Масктың «шетелдік үкімет мүддесіне жұмыс істейтіні» де көрсетілген.

Петицияға қазірдің өзінде 200 мыңға жуық адам қол қойды. Белсенділер бұл мәселені үкімет деңгейінде қарастыруды сұрап отыр. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо да бұл бастаманы қолдайтынын мәлімдеген.

Илон Маск Оңтүстік Африкада дүниеге келгенімен, Канада азаматтығын жас кезінде алған. Кейін АҚШ-қа қоныс аударып, америкалық азаматтыққа ие болды. Бірақ заң тұрғысынан Канаданың азаматтығын қайтарып алу процесі оңай емес. Егер билік бұл талапты орындаса, бұл ел тарихындағы ерекше оқиғалардың бірі болмақ.

Петиция 20 маусымда Қауымдар палатасына ұсынылады деп күтілуде. Алдағы уақытта үкімет қандай шешім қабылдайтыны белгісіз, бірақ бұл жағдайдың саяси салдары айтарлықтай болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Redaktor Arysinfo

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан мен Еуропа Одағының қарым-қатынастары талқыланды

berdaly_oraz