ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жолы азаматтарды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген жергілікті тұрғындар спорт, қоғамдық даму саласы мен өзге де тақырыптарға байланысты мәселелер көтерілді. Оның ішінде пара спортшыларға қолдау көрсету, қоғамдық шараларды ұйымдастыру бағыттарының маңыздылығы сөз болып, ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар бір тұрғын қоғамдық бірлестік атынан әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.

Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, жауапты мамандар қатысып, туындаған мәселенің оңтайлы шешуіне атсалысты.

Ертай Кенжебекұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРАҢҒАЙДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛУҒА ЖАҚЫН

berdaly_oraz

Түркістан облысына 7 жыл: Елді мекендер сапалы инфрақұрылыммен қамтылды

Түркістан облысы әкімінің 17–22 қараша аралығындағы жұмыс қорытындысы жарияланды

berdaly_oraz