АРЫСТА «КІТАП ОҚУ – ТҰЛҒА БИІГІНЕ БАСПАЛДАҚ» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Арыс қаласының әкімдігінде  «Кітап оқу – тұлға биігіне баспалдақ» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Іс-шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы, әкім аппаратының басшысы Талғат Анашбеков және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Кітап көрмесінің негізгі мақсаты – әр түрлі жанрлар мен бағыттағы әдебиеттерді оқырмандарға ұсыну, қайта жаңартылған жаңа кітаптармен таныстыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен әдеп қағидаларын насихаттау болды.
Іс-шара барысында кітапханашылар Мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан алынған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына арналған мақалаларды таныстырып, мемлекеттік қызметкерлерге әдеби шығармаларды оқудың маңыздылығын жеткізді.
Көрме бірнеше негізгі бөлімдерден құралды:
1. «Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы» бөлімінде 2025 жылғы мерейтой иелерінің шығармалары мен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2007 жылдан бері таңдалып алынған жыл кітаптары қойылды.
2. «Өлке әдебиеті мен өнер майталмандар» бөлімі Арыстың танымал қаламгерлері мен өнер қайраткерлерінің еңбектерін қамтыды.
3. «Кітап – өткеннің ізі, болашақтың негізі» бөлімінде кітапханаға жаңадан түскен заманауи шығармалар, жастарға арналған мотивациялық кітаптар мен өзекті әдебиеттер ұсынылды.
Кітапханашылар көрме арқылы оқырмандарды жаңа әдебиеттермен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятуға тырысты.
Кітап көрмесі кітапхананың оқырмандар санын арттыруға, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Әдебиет арқылы сананы тәрбиелеу, тұлға қалыптастыру және қоғамның мәдени деңгейін көтеру – кітапханашылардың басты міндеті екені тағы да дәлелденді.
Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі болашақта да осындай мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыратынын атап өтті.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «ТЕАТР – ӨМІР АЙНАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚАБЫЛСАЙ АРНАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысындағы театрларда 400-ден аса қойылым сахналанған

Альфия Адамбек

Пікір жазу