ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Пробациядағы бақылау — елдегі тұрақтылықты, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Жаңылып жаза басып, істі болған азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуы, дер кезінде психологиялық көмек алуы тиіс. Пробация есебіндегі азаматтарға ай сайын тиісті жұмыстар атқарылып, бақылау күшейтілуі де қажет.
Осы мақсатта  Түркістан облысы Арыс аудандық прократурасы, Арыс аудандық полиция бөлімі, «Мансап» орталығы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і қызметкерлерінің қатысуымен пробация есебіндегі азаматтарға жеке психологиялық қабылдау өткізілді.
Психологиялық кеңесте бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту бағытында жеке-жеке сұхбат жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕР ДАУЛАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Redaktor Arysinfo

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қағидаттарын сот шешімін шығару барысында қолдану

Redaktor Arysinfo

Проект новой Конституции вынесен на республиканский референдум

Redaktor Arysinfo